"Balyqşy" аквамәдениетті субсидиялау " ақпараттық сервисіне қолжетімділік беріледі:
Субсидиялау субъектілеріне —ақылы негізде* және олар Қазақстанның Ұлттық куәландырушы орталығы берген электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, Пайдаланушы келісіміне қол қойған жағдайда.
Субсидиялау субъектісінің Дербес шотын ашқаны және жүргізгені үшін төлем бағалардың мынадай прейскурантында белгіленген
* Төлемді тек келесі деректемелер бойынша жүргізу қажет: "Concordia Group" ЖШС, БСН 071140009507, БСК HSBKKZKX, Банк: "Қазақстан Халық Банкі" АҚ, ЖСК KZ48601A871002961561, КНП 857, КБе 17.
Уәкілетті органдар — субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қол жеткізу бойынша көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу шартын жасасу қорытындылары бойынша. Қол жеткізу өтінім негізінде беріледі
Субсидиялау бюджет қаражаты есебінен, Қазақстанның балық шаруашылығы субъектілерінің субсидиялауға электрондық өтінімдерін қалыптастыру, сондай-ақ оларды уәкілетті органдар қарауы және олар бойынша шешім қабылдауы арқылы жүзеге асырылады.
Өтінімдердің электрондық тізілімін жүргізу "жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.